
Каспий теңізі акваториясынан Маңғыстау облысындағы Аташ жағажайы маңында майлы дақтар табылды. Жергілікті экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, зертханалық зерттеулер жүргізу үшін теңіз суынан сынама алды, деп жазады lada.kz.
Жағалау аймағының ластанғаны туралы хабар 8 тамызда түскен. Экологтар жағалауды және оған іргелес теңіз акваториясын сол бойда тексерді.
Ведомство мәліметінше, алынған су үлгілері сараптамаға жіберілді, ал Аташ ауданындағы акваторияға мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Теңіз кемелерінің экипаждары мен айлақ иелеріне экологиялық нормаларды қатаң сақтау және мұнай өнімдерін төгуге жол бермеу туралы қосымша ескертілді.
Жағдай Маңғыстау облыстық экология департаментінің бақылауында. Зертханалық сараптама нәтижесі зерттеу аяқталған бойда жарияланады деп уәде берілді.
В Атырау +34.1