Атырау, 26 тамыз 19:58
 дождьВ Атырау +29.8
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

Қазақстанда Абай есімді тоғыз әйел бар

213 рет қаралды

Қазақстанда 10 тамызда Абай күні атап өтіледі. Осы датаға орай Ұлттық статистика бюросы ұлы ақын әрі ағартушының есіміне қатысты қызықты мәліметтермен бөлісті.

Соңғы деректер бойынша, елде Абай есімін 18 961 адам иемденген. Ойшылмен аттас азаматтар ең көп тұратын өңірлер — Астана (2 186 адам), Түркістан облысы (2 008) және Алматы қаласы (1 740).

Абай есімді ең жасы үлкен қазақстандық 94 жаста, ол 1932 жылы дүниеге келген. Ал Абай есімі ең жиі кездесетін буын — 30 бен 34 жас аралығындағы азаматтар (3 267 адам).

Бұл есім бүгінгі ата-аналар арасында да танымалдылығын жоғалтқан жоқ: тек бірінші жартыжылдықта 91 сәбиге Абай есімі берілді. Қызық дерек: бұл есім ер адамдарға арналғанына қарамастан, Қазақстанда Абай есімді тоғыз әйел тіркелген.

Бұдан бөлек, 37 844 қазақстандық ақынның шын есімін (Ибраһим, соның ішінде Ибрагим және Ибрахим нұсқаларын) иеленген.

Ағартушының есімі ежелден ел топонимикасының ажырамас бөлігіне айналған. Абайдың құрметіне Қазақстанда бір облыс, бір қала, үш аудан және 26 ауыл аталған.

10 тамыз, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.