Атырау, 26 қараша 11:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ұтылғандарын мойындамай отыр

2 163 просмотра

5 жыл бойына «Тенгизинтернефтегазстрой» ЖШС (әрі қарай - «ТИНГС»)«Каспиан Салфа Каспиен» (әрі қарай – КСК)ЖШС шетелдік компаниясының жарғылық капиталындағы заңды негізде өзіне тиесілі 30 пайыз үлесін сот арқылы қайтарып алмақ боп келеді.

Мұны болдырмас үшін шетелдік компания кез-келген әдісті қолдануда: біздің үлесімізді заңсыз мәжбүрлеп сатып алудан бастап, компанияның 100 пайыздық үлесін басқа шетелдік компанияларға екінші қайтара сатуға дейінгі әрекеттерді жасауда. Олардың өкілдері, соттарда жеңіліс тауып, кейбір БАҚ-тарға ТИНГС-қа қарсы жалған атпен тапсырыс материалдарын тұрақты түрде жариялап, оларды адастырып отыр. Осыған байланысты біз жұртшылыққа «ҚР заңын орындамау үшін алыстан күйе жағу ма?» деген мақала арқылы егжей-тегжей түсіндіруге мәжбүр болдық.

Өткен аптада, сот дауында тағы да ұтылған КСК өкілі – Атырау қаласының тұрғыны Атырау облыстық сотының алдында бір өзі пикет ұйымдастырып, кейбір телеарналардағы таныс журналистерін шақырып, кімге екені белгісіз моралдық қысым көрсетуге әрекеттенді.

ТИНГ пайдасына шығарылған сот шешімдеріне қарамастан, КСК олардың шешімдерін орындаудан жалтару саясатын жалғастыруда. Біздің оппонент өкілдері қорғаныс ретінде бір-біріне қарама қайшы дәлелдерді келтіреді. Мәселен, құрылтайшылары үнемі шетелде болғандықтан олардың компаниясы ТИНГС-тің 30 пайыздық үлесі есебімен жарғыға өзгерістер енгізе алмайды екен-мыс. Алайда КСК өкілдері бастапқы сот отырыстарында онлайн режимде Канададағы Басқарушы директоры Элиас ХАСКАНЫҢ қашықтан басқара алатын жағдайда екенін ашық мәлімдеп отыр.

Жұртшылықты жаңылдыру мақсатындағы соңғы пикет секілді түрлі акциялар өткізудің бірден бір себебі - өздерінің дұрыстығын дәлелдеу емес, қазақстандық серіктестеріне зиян келтіре отырып, шетелдік қожайындарының көңілін тауып, заңды белден басу боп табылатындығын білдіреді.

Сапарбек ОТАРОВ, «Тенгизинтернефтегазстрой» ЖШС өкілі

Жарнама құқығы негізінде

4 қараша 2013, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған