Атырау, 26 тамыз 19:58
 дождьВ Атырау +29.8
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

Аралда құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен түйені алып шықты

211 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Аралда ТЖМ қызметкерлері ерекше құтқару операциясын жүргізді — Абилхайыр хан көшесіндегі тұрғын үйдің дәл жанындағы құдыққа түсіп кеткен түйені алып шығуға тура келді.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Ірі жануарды эвакуациялау үшін арнайы авариялық-құтқару техникасы — АСА-20 қолданылды.

Мамандар түйені абайлап байлап, арнайы техниканың көмегімен жер бетіне көтеріп шығарды. Операция сәтті аяқталды: жануар зардап шекпеді және «бостандыққа шыққаннан» кейін бірден иесіне тапсырылды.


10 тамыз, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.