
Атырауда соңғы екі айдан бері мұнай өңдеу зауытының маңында құпия әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі орнатылды деген сыбыстар тарап жүр.
Ұзынқұлақтардан тараған мәліметтерге сүйенсек, облыстағы басқа стратегиялық мұнай нысандары да ықтимал әуе шабуылына дайындық ретінде күшейтілген қорғауға алынған. Мұндай шаралар Батыс Қазақстанда белгісіз ұшқышсыз аппараттардың бірнеше рет құлауына, Украина дрондарының Каспийдегі Ресейдің мұнай және әскери нысандарына жасаған шабуылдарына, сондай-ақ әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты қабылданған деген пікір бар.
Бұл ақпаратты растау немесе жоққа шығару үшін редакция Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Қорғаныс министрлігіне ресми сауал жолдады. Министрлікке Атырау облысындағы мұнай инфрақұрылымының (әсіресе ТШО мен NCOC компанияларының нысандары) ықтимал әуе шабуылдарынан қаншалықты қорғалғаны туралы сұрақ та қойылды.
Алдымен зауыт басшылығы жауап беріп, «АМӨЗ» ЖШС мұндай мәселелерді түсіндіруге, растауға немесе жоққа шығаруға құзырлы емес екенін, ұлттық қауіпсіздік пен әуе қорғанысын ұйымдастыру мемлекеттік органдардың міндеті екенін мәлімдеді.
Қорғаныс министрлігінің орынбасары Асқар Мұстабеков қол қойған хатта: «Сіз сұраған мәліметтер мемлекеттік құпия санатына жатады және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жарияланбайды. Дегенмен, уәкілетті мемлекеттік органдар стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал қауіп-қатерлерге дер кезінде әрекет ету үшін тұрақты түрде кешенді шаралар жүргізіп келеді» деп жазылған.
Ресми органдар егжей-тегжейлі ақпаратты ашпағанымен, мәселе ұлттық қауіпсіздікке қатысты екені түсінікті. Еліміздегі стратегиялық маңызды барлық нысандар сенімді қорғалған және қабылданған қауіпсіздік шаралары қазіргі қауіптерге сай деп үміттенеміз. Бұл шаралар ешқашан іс жүзінде қолданылмай, Атырау мен бүкіл Қазақстан бейбіт ел боп қала береді деп сенгіміз келеді.
Но еще больше хочется верить, что эти меры никогда не придется применять на практике и мирное небо над Атырау и всем Казахстаном останется не пожеланием, а реальностью.
Лев ГУЗИКОВ
В Атырау +38.3