Атырау, 1 қыркүйек 03:23
 дождьВ Атырау +14.6
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34

Қазақстан мен Сауд Арабиясы көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

341 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрінің халықаралық көпжақты қатынастар жөніндегі орынбасары Абдуррахман Әл-Рассимен кездесті.

Кездесуде достық пен өзара тиімді әріптестік қағидаттарына негізделген қазақ-сауд қатынастарының оң даму серпіні аталып өтті.

Қазақстан мен Сауд Арабиясының халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылына, атап айтқанда, көпжақты алаңдарда ұстанымдарды үйлестіруге және екі елдің бастамаларын өзара қолдауға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, тараптар алдағы биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралардың кестесін қарастырып, оларды нақты уағдаластықтармен және практикалық нәтижелермен толықтырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы белсенді әрі сындарлы диалогты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

7 тамыз, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.