Атырау, 6 тамыз 19:43
 дождьВ Атырау +34
$ 469.85
€ 542.16
₽ 5.78

​Атырау облысында жарты жылда экологияға қатысты 68 кемшілік анықталды

89 рет қаралды

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысында экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілері бойынша 218 әкімшілік іс қозғалды.

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге жетті, деп хабарлады облыстық Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов. 

Мемлекеттік экологиялық бақылау аясында мамандар 17 тексеру шарасын жүргізіп, 68 құқық бұзушылықты анықтады. Қазір бұл қаражаттың 89,7 млн теңгесі өндірілді.

«Қазгидромет» автоматтандырылған станцияларының мәліметінше, Атырауда атмосфералық ауаның сутек сульфидімен (күкіртсутек) жоғары деңгейде ластануының 25 жағдайы тіркелді. Бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе аз. Зертханалық бақылау барысында мамандар 59 сынама алып, 239 талдау жүргізді.

Алты ай ішінде өңірдегі атмосфераға ластаушы заттардың нақты шығарындылар көлемі 58,8 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар: төгінділер көлемі — 8,8 мың тонна; көмілген қалдықтар — 70,8 мың тонна; жиналған қалдықтар — 107,6 мың тонна болды.

Өңірде 367,8 гектар алқапқа 344 мың көшет отырғызылды. Көгалдандыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаған 39 кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізілген рейдтер барысында 42 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Оның 30-ы бүгінде жойылды, қалған аумақтарды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Экологиялық шараларға 20 мыңға жуық адам қатысты.

Бұдан бөлек, бірінші жартыжылдықта Экология департаменті 399 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде I санаттағы нысандар үшін 66 экологиялық рұқсат берді.

Бүгін, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.