
Атырау облысындағы республикалық маңызы бар «Мұқыр – Құлсары» автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес қарқынды жалғасып жатыр.
Жөндеу жұмыстары аясында жол төсемі жаңартылып, қажетті технологиялық жұмыстар кезең-кезеңімен орындалып жатыр. Мамандар мен арнайы техника күн сайын учаскелерде жұмыс жүргізіп, белгіленген кестеге сай жөндеу қарқынын қамтамасыз етуде.
Орташа жөндеу аяқталғаннан кейін жолдың пайдалану сапасы жақсарып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығы арта түседі. Бұл өңірдің көлік қатынасын дамытуға және тұрғындардың сапалы жол инфрақұрылымына қол жеткізуіне оң ықпал етеді.
В Атырау +34