
«Атырау» футбол клубында елеулі кадрлық ауыс-түйістер болуы мүмкін деп күтіледі.
Бас бапкер Владимир Чебурин атқаратын қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Kommentator_Maulen.
Дереккөздің мәліметінше, ұжым тізгінін Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов қолға алуы ықтимал. Сонымен қатар клуб басшылығында да өзгерістер болуы мүмкін екені айтылуда.
Спорт журналисі Елдар Аманбаев та «Атыраудың» жаңа бас бапкері Смақов болатынын мәлімдеді.
«Мендегі мәліметтер бойынша, Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов «Атыраудың» жаңа бас бапкері атанады. Ертең 47 жастағы маман Атырауға ұшып келіп, мұнайшылармен келісімшартқа отырады», — деп хабарлады журналист.
Оның айтуынша, егер жоспар өзгермесе, Қазақстан премьер-лигасының таяудағы турында-ақ Смақов «Ақтөбеге» қарсы принципиалды кездесуде команданы алаң жиегінен басқаратын болады.
«Атырау» футбол клубы Чебуриннің кеткені немесе Смақовтың тағайындалғаны туралы әлі ресми түрде хабарлаған жоқ. Кадрлық ауыс-түйістер туралы ақпарат әзірге болжам ғана.
В Атырау +34