
Атырау облысының тұрғындары аймақ басшысына баспана, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау мәселелері бойынша жолықты.
Жеке қабылдау барысында жер қатынастары, әлеуметтік нысандардың құрылысы және мал сойғаннан кейінгі биологиялық қалдықтарды утилизациялау мәселелеріне қатысты сауалдар сөз болды.
Әр өтініш бойынша түсініктеме беріліп, салалық мемлекеттік органдардың басшылары мен аудан әкімдеріне тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Болат Ақшолақов берілген тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауда ұстауды, өтініш иелерін мәселенің қаралуы мен нәтижелер жайында уақытында хабардар етуді жүктеді.
В Атырау +29