Атырау, 6 тамыз 12:59
 дождьВ Атырау +29
$ 469.85
€ 542.16
₽ 5.78

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

90 рет қаралды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Қуаныш Бишимов таяу арада қызметінен кетуі мүмкін.

Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып PetroCouncil Telegram-арнасы хабарлады.

Арнаның мәліметінше, 7 тамызда «АМӨЗ» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысы өтуі тиіс. Кәсіпорын басшылығының күтіліп отырған ауысуы туралы ресми ақпарат әлі расталған жоқ. Зауыт сайтында Бишимов бұрынғысынша қолданыстағы бас директор және басқарма төрағасы ретінде көрсетілген.

Қуаныш Бишимов кәсіпорын қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен 2025 жылдың 10 сәуірінене бастап Атырау МӨЗ-ді басқарған болатын. Оған дейін ол Павлодар мұнай-химия зауытын басқарған.

АМӨЗ Қазақстандағы ең ірі үш мұнай өңдеу зауытының қатарына кіреді. Оның жобалық қуаты жылына 5,5 млн тонна мұнайды құрайды.

Бүгін, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.