Атырау, 6 тамыз 12:13
 дождьВ Атырау +29
$ 469.85
€ 542.16
₽ 5.78

Ақшолақов бюджет қаржысын жаңа жобаларға шашпауды талап етті

Сурет
70 рет қаралды
Сурет: облыс әкімінің баспасөз қызметі
Сурет: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Атырау облысында бюджет қаражатын бөлерде жаңа нысандарды ашуға емес, іске асырылып жатқан жобаларды аяқтауғабасымдық беріледі. 

Облыс әкімі Болат Ақшолақов бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселесі қаралған жиында осындай тапсырма берді. 

Облыс әкімі қаржыны бірінші кезекте жаңа нысандарды ашуға емес, іске асырылып жатқан жобаларды аяқтауға бөлу керегін атап өтті. 

Оның айтуынша, мемлекеттік жобаларды жүзеге асырғанда жұмыстың құнын ғана ескеріп қоймай, мердігер ұйымның қаржылық тұрақтылығы, олардың өндірістік мүмкіндігі мен қабілеті мойнына алған міндеттемелерді уақытында орындауға қаншалықты жеткілікті екені назарға алынуы тиіс.

Облыс әкімі жиын соңында келесі кезеңге бюджетті жоспарлау тәсілдерін қайта қарап, мемлекеттік жобаларды іске асыруға тек қаржылық жағынан тұрақты, айналымда өз қаражаты бар мердігерлерді тарту жөнінде тапсырма берді. Бұл бюджеттен аванстық төлем күтпей-ақ, жұмысты уақытында бастап кетуге, құрылысты үздіксіз жүргізуге және мердігердің міндеттемелерді орындау жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аймақ басшысының айтуынша, мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдардың қызметі бюджет қаражатының орнымен жұмсалуымен, жұмыс сапасы мен мерзімінің сақталуымен бағаланады.


Бүгін, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.