Атырау, 6 тамыз 11:37
 дождьВ Атырау +22.5
$ 469.85
€ 542.16
₽ 5.78

Қостанайда заңсыз несие берушіден төрт пәтер мен қымбат автокөліктер тәркіленді

70 рет қаралды

Қостанайда жергілікті тұрғын заңсыз микрокаржыландыру қызметін жүргізіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырғаны үшін 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, оның заңсыз тапқан табысы 1 млрд теңгеден асқан.

Тергеу барысында ер адамның қажетті лицензиясыз азаматтарға мүлікті кепілге қою арқылы қарыз бергені анықталды. Ол клиенттерді OLX және Instagram платформаларындағы хабарландырулар арқылы тапқан.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті банктерден несие ала алмаған, ауыр материалдық жағдайда жүрген азаматтардың жағдайын пайдаланып, оларға жылдық мөлшерлемесі 120%-ға дейін жететін жоғары пайызбен қарыз берген.

Нотариалды куәландырылған шарттарда алдын ала есептелген пайыздар, рәсімдеу шығындары және басқа да төлемдер енгізіліп, қарыз сомасы негізсіз ұлғайтылып көрсетілген.

Мәселен, жәбірленушілердің бірі іс жүзінде 9 млн теңге алғанымен, шартта 14 млн теңге көрсетілген. Кейін онымен тағы 18 млн теңгеге шарт жасалған, алайда бұл қаражат іс жүзінде берілмеген. Соның салдарынан сот шешімімен әйелден 26 млн теңге өндірілген.

Жалпы алғанда, 50-ден астам адам алдын ала тиімсіз екені белгілі қарыз міндеттемелеріне тартылған.

Сот қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған төрт пәтерді, екі жер телімін және үш автокөлікті — Mercedes-Benz G500, Dodge RAM 1500 және Hyundai Santa Fe көліктерін тәркіледі.

Бүгін, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.