Атырау, 6 тамыз 11:37
 дождьВ Атырау +22.5
$ 469.85
€ 542.16
₽ 5.78

​Аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

89 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот



Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Грузиядан аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялады.


Ол 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырау қаласында Кипрдан пәтер сатып алуға жәрдем көрсетемін деген сылтаумен, бірнеше ақшалай аударым арқылы, Қазақстан Республикасының азаматшасының 100 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен жымқырып кеткен деп күдіктелуде.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылғы маусымда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Оған тағылып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бүгін, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.