
Қазақстан Республикасы Enerгетика министрлігі Атырау облысындағы Айыртау-II (Шығыс) учаскесінде көмірсутектерді өндіру құқығын электрондық аукцион саудасына шығарды.
Бастапқы қол қою бонусының мөлшері 43,25 млн теңгені құрайды.
Учаскенің аумағы — 1,11 шаршы километр. Хабарламада оның аумағында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу шектелген аймақтар бар екені ескертілген.
Сауда-саттық 2026 жылғы 18 қарашада e-Qazyna.kz порталында өтеді. Қатысуға өтінімдер 5 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Қатысу үшін қайтарылмайтын жарна 100 айлық есептік көрсеткішті немесе 2026 жылғы көрсеткіш бойынша 432,5 мың теңгені құрайды. Айыртау-II учаскесі үшін кепілдік жарна бастапқы қол қою бонусына тең — 43,25 млн теңге.
Энергетика министрлігі жалпы алғанда Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі 26 жер қойнауын аукционға шығарды. Оның екеуі көмірсутектерді өндіруге, ал қалған 24-і барлау және кейіннен өндіруге арналған.
Хабарлама негізінде жасалған есептеулерге сәйкес, жиынтық бастапқы қол қою бонустарының мөлшері 1,14 млрд теңгеден асады. 24 учаскедегі ең төменгі геологиялық барлау жұмыстары алдын ала 69 млн долларға бағаланды. Жеңімпаздар келісімшартта белгіленген мерзімде сейсмобарлау жүргізіп, бір немесе бірнеше ұңғыма бұрғылауы тиіс.
Анықтама үшін: Айыртау-II (Шығыс) мұнай кен орны Қазақстанның Атырау облысы, Қызылқоға ауданында, Атырау қаласынан шамамен 170 км жерде орналасқан. Учаске ортаңғы юра шөгінділерімен байланысты және инвесторлардың назарын көмірсутектерді барлау мен аукциондар нысаны ретінде аударып отыр.
В Атырау +37.3