Атырау, 5 тамыз 16:57
 дождьВ Атырау +37.3
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82

Жер астына 1284 метр: Қазақстанда рекордтық шахта оқпаны салынып жатыр

Сурет
67 рет қаралды

«Қазақмыс» Қарағанды облысындағы «Нұрқазған» кен орнында тереңдігі 1,3 шақырымға жуық шахта оқпанының құрылысын бастады. 

Жобаға салынатын инвестиция көлемі 32,5 млрд теңгеден асады.

«Ауа жеткізуші-клетті-2» оқпаны кен орнының Шығыс учаскесінде салынып жатыр. Оның жобалық тереңдігі 1283,9 метр болады. Компанияның мәліметінше, құрылыс аяқталғаннан кейін ол Қазақстандағы ең терең шахта оқпаны атанады.

Нысан кеннің жаңа қорларын игеруге, жерасты қазбаларына таза ауа жеткізуге, сондай-ақ жұмысшыларды қауіпсіз түсіріп, жер бетіне көтеруге мүмкіндік береді.

Құрылыс барысында 65 мың текше метрден астам тау жынысын шығару және оқпанды шахтаның жұмыс істеп тұрған тоғыз көкжиегімен байланыстыру жоспарланған.


Оқпанды қазу жұмыстарын 2031 жылы аяқтау көзделіп отыр. Одан кейін нысанға клеттік көтергіш, негізгі желдеткіш қондырғысы және шахтаға түсетін ауаны жылытуға арналған қазандық орнатылады.

«Қазақмыс» 2027 жылы «Желдеткіш-2» шахта оқпанының құрылысын да бастауды жоспарлап отыр. Екі нысан біртұтас желдету жүйесін құрып, Шығыс учаскесінің жаңа қорларын игеруге жағдай жасайды.

«Нұрқазған» кен орнында мыс, алтын және күміс қоры бар. Компанияның мәліметінше, қолда бар шикізат қоры кен-байыту кешенінің 40 жылдан астам тұрақты жұмыс істеуіне жеткілікті.

Бүгін, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.