
Жәбірленуші 21 жастағы атыраулықтан 300 мың теңге моральдық шығын талап еткен, бірақ алты есе аз өндіріп алды.
Сот үкімінде көрсетілгендей, қыз WhatsApp арқылы бірнеше балағат хабарлама жіберген. Іс материалдарында олар: «…..ды шығарамын», «ж...л..п ш...с», «как ты т..п…я», «вообщем к…т...ді қысшы» деген хабарлама деп тіркелген.
Жәбірленуші сотқа жеке айыптау арызымен жүгінген. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, хабарламаларды өзі жібергенін растады.
Телекоммуникациялық желілерді пайдаланып балағаттағаны үшін қызға ең төменгі айыппұл – 86 500 теңге тағайындалды, бірақ рақымшылыққа байланысты төлемнен босатылды.
Моральдық шығынды өтеу сомасын сот 50 мың теңге деп белгіледі. Бұл шешімде істің мән-жайы, айыпталушының бұрын сотталмағаны, жұмыссыздығы және жалғыз өзі кішкентай баласын тәрбиелеп отырғаны ескерілді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +37.3