Атырау, 5 тамыз 15:55
 дождьВ Атырау +37.3
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82

​Тула облысындағы Wildberries қоймасына дрон шабуылы жасалды

47 рет қаралды

Ресейдің Тула облысында орналасқан Wildberries компаниясының логистикалық қоймасы украиндық БПЛА шабуылынан кейін өртенді, деп хабарлайды АА.

Компанияның хабарлауынша, өртті сөндіру үшін оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, ал қоймадағы адамдар алдын ала эвакуацияланған.

Wildberries баспасөз қызметі қазіргі жеткізілімдерді қабылдау уақытша тоқтатылғанын, олар басқа нысандарға бағытталғанын мәлімдеді.

Аймақ губернаторы Дмитрий Миляев шабуыл салдарынан бір адамның жарақат алғанын хабарлады. 

«Алдын ала мәлімет бойынша қаза болғандар жоқ, бір адам жарақат алды, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деп жазды ол.

Миляевтің айтуынша, дрон шабуылы нәтижесінде Wildberries сұрыптау орталығында өрт шыққан, сондай-ақ екі көпқабатты үй мен екі өндірістік нысан зақымданған.

Бүгін, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.