
Маңғыстау облысы прокуратурасы жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың орындалу заңдылығына тексеру жүргізіп жатыр.
Тексеру барысында кейбір сот орындаушылар борышкерден өндіріп алушыға қаражат аударуға арналған арнайы есепшоттан үшінші тұлғалардың, яғни өздерінің жақын туыстарының шотына 3 млн теңгеден астам қаржыны негізсіз аударғаны анықталды.
Осыған байланысты аталған жеке сот орындаушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Сонымен қатар, жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың уақытылы орындалуына қатысты тексеру жұмыстары жалғасуда.
В Атырау +37.3