Атырау, 5 тамыз 14:56
 дождьВ Атырау +33.2
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82

​«Назарбаев, кет!» ұранын шығарған авторға 2,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

98 рет қаралды

Астанадағы сот азаматтық белсенді Ермек Нарымбайды екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 430-бабы бойынша заңды күшіне енген сот актісін орындамағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Сонымен қатар Нарымбайға үш жарым жылға қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Айыптау нұсқасына сәйкес, белсенді бұрынғы сот тыйымын бұзып, Facebook желісінде Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты сын материалдарын жариялаған. Үкім шығар алдында прокурор оған үш жыл бас бостандығынан айыру және бес жылға қоғамдық-саяси қызметке тыйым салуды сұраған.

Нарымбай кінәсін мойындаған жоқ. Соңғы сөзінде ол іс бойынша жәбірленушілердің жоқ екенін және ешқандай зиян келтірілмегенін айтты.

Белсенді 2026 жылдың ақпанынан бері қамауда болды. Ол Бішкекте ұсталып, кейін Астанаға жеткізілген. Адвокаттар оны Қазақстанға беру экстрадиция немесе депортация рәсімінсіз жүзеге асқанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ресми органдар түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, 2016 жылы Нарымбай «Көшеден келген жел» кітабынан үзінді жариялағаннан кейін «алауыздықты қоздыру» ісі бойынша сотталған еді. Кейін бас бостандығынан айыру жазасы шектеу жазасына ауыстырылды. 2022 жылы ол Қазақстанға оралды, ал 2023 жылдың шілдесінде бостандыққа шықты. Дегенмен оған қоғамдық-саяси қызметке тыйым салу жалғасып келген.

Бүгін, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.