Атырау, 26 тамыз 20:41
 дождьВ Атырау +29.8
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

Италияның 27 қаласында аптап ыстыққа байланысты «қызыл деңгей» қауіптілік жарияланды

239 рет қаралды

Италияда күшейіп келе жатқан аптап ыстық толқынына байланысты елдің барлық 27 ірі қаласында ең жоғарғы «қызыл» деңгейдегі метеорологиялық қауіптілік жарияланды, деп хабарлайды АА.

Итальяндық ANSA агенттігінің хабарлауынша, елде сақталып отырған аптап ыстық халықтың күнделікті өміріне теріс әсерін тигізуде.

Италия Денсаулық сақтау министрлігінің бюллетеніне сәйкес, бұған дейін үшінші, ең жоғарғы «қызыл» қауіптілік деңгейі енгізілген 25 қалаға тағы екі қала қосылды.

«Қызыл деңгей» жарияланған қалалардың кейбір аймақтарында ауа температурасы 40 градусқа дейін жетуі мүмкін деп күтілуде. Болжам бойынша, аптап ыстық толқыны кемінде тағы бір апта сақталады.

Министрлік түсіндіргендей, «қызыл деңгей» – үшінші қауіптілік деңгейі, ол ұзаққа созылған аптап ыстықтың бүкіл халықтың денсаулығына қауіп төндіретінін білдіреді.

Ведомство ескерту тек қарттарға, балаларға және созылмалы ауруы бар адамдарға ғана емес, дені сау азаматтарға да қатысты екенін атап өтті.

Биыл Италия төртінші рет күшті аптап ыстық толқынына ұшырап отыр. Бұған дейінгі кезеңдерде елде аптап ыстыққа байланысты қайтыс болған жағдайлар тіркелген.

5 тамыз, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.