
Wildberries 2027 жылдың басында Астана мен Алматыда жаңа қойма кешендерін іске қоспақ. Бұл туралы Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев хабарлады.
Астанада 160 мың шаршы метрлік, Алматыда 100 мың шаршы метрлік нысан салынып жатыр.
Жобаларға салынатын инвестиция көлемі 47,7 млрд теңге, шамамен 97,8 млн долларды құрайды. Құрылысты 2027 жылдың қаңтар–наурыз айлары аралығында аяқтау жоспарланған.
Қазір Wildberries Қазақстанда 46 мың шаршы метр қойма жалға алып отыр. Жаңа нысандар іске қосылғаннан кейін компанияның қоймалық қуаты бес еседен артық өседі.
Министрлік әзірге компаниядан қосымша қоймалар салу жөнінде ресми өтініш алмағанын да атап өтті.
В Атырау +30.5