
Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей тарапына соғысты тоқтатуға бағытталған бітімнің үш нұсқасын ұсынды.
Oxu.Az басылымының мәліметінше, бұл туралы Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк мәлімдеді.
Киев ұсынған негізгі шарттар:
- Әуедегі атысты тоқтату;
- Энергетикалық инфрақұрылымға соққы беруді доғару;
- Майдан шебіндегі ұрысты тоқтатып, қазіргі позицияларды уақытша бекіту.
Сонымен қатар Подоляк Украина басшысының бейбіт келіссөздерді бастау үшін Владимир Путинмен тікелей кездесуге дайын екенін айтты.
Зеленскийдің сөзінше, ел билігі қақтығысты күзде, қыс түскенге дейін аяқтауға бар күшін салады. Осыған байланысты ол украиналық дипломаттарға халықаралық серіктестермен жұмысты барынша жандандыруды тапсырды. Дегенмен Президент бұл күш-жігердің нақты қашан нәтиже беретінін кесіп айту мүмкін еместігін атап өтті.
В Атырау +22.6