Атырау, 3 тамыз 19:19
 дождьВ Атырау +33.7
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

​Атыраулық оқушылар қалдықтар мен көмірқышқыл газынан құрылыс блоктарын жасап шығарды

66 рет қаралды

Атыраулық оқушылар командасы Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0 білім беру бағдарламасының финалға шыққан 18 жеңімпазының қатарына енді.

Бұл конкурсқа қатысу үшін бүкіл Қазақстан бойынша 400-ге жуық командадан өтінім түскен.

Атырау облысының намысын Назарбаев Зияткерлік мектебінің (жаратылыстану-математика бағыты) Carbricks командасы қорғады. Оқушылар өнеркәсіптік қалдықтар мен көмірқышқыл газын пайдалана отырып жасалатын жаңа буындағы құрылыс блоктарының жобасын әзірледі.

Авторлардың идеясы бойынша, бұл технология қалдықтар көлемін азайтуға, дәстүрлі цементті пайдалануды қысқартуға және CO₂ газын құрылыс материалының ішінде бекітіп (сіңіріп) қалуға мүмкіндік береді.

«Осы апта ішінде біз экологиялық проблеманы технологиялық шешімге қалай айналдыруға болатынын көрдік және Carbricks жобасын әрі қарай дамытуға көмектесетін білім алдық», — деді команда қатысушысы Рамина Досжан.

[GALLERY]

Бағдарламаның финалы 31 шілдеде Алматыда өтті. Оқушылар 80 сағаттан астам дәріс пен практикалық сабақтардан өтіп, менторлардан консультация алып, жобаларын қорғауға дайындалды.

Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

  1. 1-орын: EcoStep командасы (Алматы);
  2. 2-орын: MineSafe командасы (Орал);
  3. 3-орын: EcoCatalyst City командасы (Өскемен).

Конкурстың жалпы жүлде қоры 5 миллион теңгені құрады.

Айта кетейік, ұйымдастырылып келе жатқанына жеті жыл болған TURAQTY JOL жобасы осы уақытқа дейін 18 мыңнан астам жас қатысушының басын қосты. Экологиялық бастамаларды қаржыландыруға жалпы алғанда 35 миллион теңге бағытталған.

Бүгін, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.