
Абай облысында прокуратураның араласуынан кейін Аягөз қаласында сумен жабдықтау тарифі төмендетілді.
Аудан прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында «Аягөз Су» кәсіпорны орындалмаған іс-шараларға жұмсалған шығындарды тариф құрамына заңсыз енгізгені анықталды. Бұл шығындардың жалпы көлемі 18,6 млн теңгеден асқан.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті тарифке қайта есептеу жүргізіп, уақытша өтемдік тариф енгізді. Соның нәтижесінде 2025 жылғы 1 тамыздан бастап тұрғындар үшін су бағасы 6,07%-ға төмендеп, 1 текше метр үшін 302,03 теңгеден 283,68 теңгеге дейін арзандады.
Бұл өзгеріс 12 мыңнан астам жеке тұлғаға, 131 бюджеттік ұйымға және 407 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты болды. Заң бұзушылықтар үшін кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура коммуналдық қызметтер саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.
В Атырау +32.3