
Нью-Йоркте 44 жастағы ер адам Бруклин көпірінің мұнарасына шығып, бірнеше ту ілді, олардың ішінде Қазақстан туы да бар.
Кейін ол шешініп, Ист-Ривер өзеніне секірді. Ер адам аман қалды, деп хабарлайды New York Post..
Оқиға 2 тамыз күні сағат 14:30 шамасында Манхэттен жағындағы мұнарада болған. New York Post дерегінше, полиция қызметкерлері оны түсіруге тырысқанымен, ол секіріп кеткен.
Жарияланған кадрларда ер адам құлап бара жатып қолында киімге немесе сөмкеге ұқсас затты ұстап тұрғаны көрінеді. Мұнара биіктігі шамамен 85 метр.
Порт полициясы оны судан дереу шығарып, Bellevue госпиталіне жеткізді. Қазіргі жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Ер адамның ұлты және Қазақстан туын не себепті орнатқаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
В Атырау +32.3