Атырау, 3 тамыз 14:31
 дождьВ Атырау +29.2
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Жамбыл облысында ер адам оққа ұшты: отбасы президентке үндеу жасады

55 рет қаралды

Дүкенбай Ахметтің туыстары, оның Жамбыл облысында оққа ұшқанын мәлімдеп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді.

Отбасы қылмысты тергеуді жеке бақылауға алуды сұрап отыр.

Threads-та жарияланған дерекке сәйкес, оқиға 1 тамызда түнгі сағат үш шамасында Тұрар Рысқұлов ауданы Луговое ауылындағы Пушкин көшесінде болған.

Марқұмның туыстары қылмысқа ауданда әрекет ететін қылмыстық топ мүшелерінің қатысы болуы мүмкін деп болжайды. Олардың айтуынша, қайғылы жағдайға дейін белгісіз адамдар Ахметке бірнеше рет қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Қаза болған адамның отбасы құқық қорғау органдарынан толық түсініктеме ала алмағанын айтып, әділ әрі жан-жақты тергеу жүргізуді және кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде.

Дүкенбай Ахметтің артында жұбайы, ұлы мен қыздары қалды. Ал қарт ата-анасы жалғыз ұлынан айырылды.

Бүгін, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.