Атырау, 3 тамыз 13:00
 дождьВ Атырау +29.2
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

​ExxonMobil Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруды қарастырып жатыр

72 рет қаралды
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

ExxonMobil компаниясы Қазақстанның мұнай-газ саласында ұзақ мерзім қатысуға ниетті екенін растады. 

Бұл туралы ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амман премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесуінде мәлімдеді. 

Кездесуде ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды.

Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы мұнай-газ секторы әлеуетін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Үкімет өзара тиімді әріптестікті нығайтуға, қолданыстағы жобаларды табысты жүзеге асыруға және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүдделі.

Жиын барысында заманауи технологияларды енгізуге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Бүгін, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.