Атырау, 3 тамыз 12:11
 дождьВ Атырау +29.2
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

​«51-ші штат»: Трамп Венесуэланы қосып алу меңзеуін тағы да қайталады

52 рет қаралды

АҚШ Президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Венесуэла Американың 51-ші штаты ретінде бейнеленген суретті жариялады.

Оңтүстік Америка картасында бұл елдің аумағы АҚШ туының түстеріне боялып, «51st State» деген жазумен сүйемелденген. Трамп жарияланымға ешқандай түсініктеме қоспады.

Америка президенті осыған ұқсас суретті 2026 жылдың мамыр айында да жариялаған болатын. Бұған дейін ол Венесуэланы АШҚ-ның жаңа штатына айналдыру мүмкіндігін «ойында байсалды түрде қарастырып жатқанын» мәлімдеген еді.

Венесуэланың уақытша президенті Дельси Родригес мұндай идеяны кері қайтарып, елдің тәуелсіздігі мен суверенитетін сақтап қалатынын атап өткен болатын.

Трамптың бұл жаңа жарияланымы ресми шешімдер туралы ешқандай мәлімдемелермен сүйемелденген жоқ.

Бұл пост әлеуметтік желі пайдаланушыларының назарын тез аударды. Кейбіреулер бұл суретті әзіл ретінде қабылдаса, енді біреулері оны кезекті провокациялық жарияланым деп бағалады.

Бұған дейін АҚШ әкімшілігінде Гренландияның Америка бақылауына өтуі мүмкін екендігі туралы да мәлімдемелер айтылған болатын.

Бүгін, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.