Атырау, 3 тамыз 11:28
 дождьВ Атырау +22.1
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

«ҚТЖ»-да жаңа аппарат басшысы тағайындалды

64 рет қаралды

Дияр Нүсіпқожанов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады ұлттық компания.

Нүсіпқожанов теміржол саласында 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол еңбек жолын заң кеңесшісі лауазымынан бастап, кейін инженер болып қызмет атқарды және «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Кедентранссервис» АҚ-да басшылық лауазымдарды иеленді.

2025 жылдан бастап Нүсіпқожанов «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры лауазымын атқарған.

Ол «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясынан (РАНХиГС) «Өңірлік және муниципалдық менеджмент» бағыты бойынша магистр дәрежесін алды.

Бүгін, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.