
2026 жылдың шілде айында ҰҚК Шекара қызметі басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан шекарасы арқылы 2 476 тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті.
Ведомствоның хабарлауынша, олардың жалпы құны 3,9 млрд теңгеден асты.
Бір ай ішінде шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 975 адам ұсталды, олардың 4 346-сы — шетелдік.
Шекарашылар жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз өткізудің 149 дерегін және құны 1,3 млрд теңгеден асатын халық тұтынатын тауарларды тасымалдаудың 392 жағдайын анықтады.
Сондай-ақ 33,4 млн теңгенің 150 тоннадан астам жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1 808 дерегі тоқтатылды. Есірткіге қатысты 39, ал қару-жарақ пен оқ-дәріге қатысты 88 эпизод тіркелді. Соңғы жағдайда сөз 108 суық қару мен 2 131 оқ-дәрі туралы болып отыр.
Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің алды алынды, 24,6 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 251 млн теңгеден астам қаржыны құрады.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғады. Тағы 4 295 әкімшілік іс өндірісте жатыр, салынған айыппұлдар сомасы 38 млн теңгеден асты. Қалған материалдар құқық қорғау және сот органдарына тапсырылды.
В Атырау +22.1