
Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот Облыстық психикалық денсаулық орталығына компьютер сатып алу бойынша конкурс жеңімпазын анықтаудың заңсыздығын растады.
Ұсынылған жиынтықта тек жүйелік блок қана Қазақстанда өндірілген болып шықты, ал монитор, пернетақта мен тінтуір шетелдік тауар екені анықталды.
Сатып алу ұлттық режимнен алып тастау шартымен ашық конкурс түрінде жүргізілген. Бұл шарт отандық өндіріс тауарын жеткізуді көздеген болатын. Конкурс жеңімпазы болып «S» жеке кәсіпкері танылды.
Соттар сатып алу мәні жиынтықтағы компьютер екенін анықтады. Сондықтан қазақстандық өндіріс талаптарына тек бір бөлігі емес, толықтай барлық тауар сәйкес келуі тиіс еді.
Кассациялық сот отандық жүйелік блоктың болуы бүкіл жиынтықты Қазақстанда өндірілген деп санауға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Басқаша қарастыру заңда көзделген шектеулерді айналып өтуге жол беріп, жергілікті өндірушілерді қолдау мақсатына қайшы келер еді.
Нәтижесінде жеңімпаздың өтінімі конкурс шарттарына және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес келмейді деп танылды. Кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылып, бірінші және апелляциялық инстанциялардың шешімдері өзгеріссіз қалды.
В Атырау +22.1