
Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.
Бұл Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет болып отырған оқиға, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) 2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында өтті.
Қола медальға Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Шыңғыс Карасаев ие болды.
Құрмет грамотасының егерлері:
• Рамазан Бутантаев - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Аслан Ажибаев - Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
• Кирилл Тургумбаев - Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік етті.
Олимпиадалық лингвистика елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті.
В Атырау +22.1