Атырау, 31 шілде 21:36
 дождьВ Атырау +28.5
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92

Қазақстанды «жемқор ел» деп атады: полиция ер адамның жеке басын анықтады

124 рет қаралды

Қазақстан ІІМ шетелдік азаматтың республика азаматтығын ақшаға сатып алғанын айтқан бейнежазба тарағаннан кейін қылмыстық іс қозғады.

Ведомство оның сөзін жалған деп атады, деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда ер адамнан тіл білу тесті бар кезде азаматтықты қалай алғаны сұралған. Ол «Қазақстанда бәрі сатып алынады» деп жауап беріп, елді жемқор ел деп атады. Кейін ол республика тұрғындары туралы оң пікір білдірген.

ІІМ мәлімдеуінше, бейнежазба авторының жеке басы анықталды. Ол көршілес мемлекеттің азаматы болып шықты.

«Тексеру барысында оның Қазақстан азаматтығын сатып алғаны туралы таратқан ақпараты шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды», — делінген ведомство хабарламасында.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІМ шетелдік әріптестерімен бірге қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Қай бап бойынша іс қозғалғаны және ер адамның қайда екені нақтыланбады.

Ведомство қазақстандықтарды тексерілмеген немесе көрінеу жалған ақпаратты таратпауға шақырды.

Бүгін, 20:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.