Атырау, 1 тамыз 21:18
 дождьВ Атырау +31.9
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

​Қазақстанның Ұлттар лигасындағы барлық өз матчы Астанада өтеді

257 рет қаралды

Қазақстан футбол құрамасы 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы маусымындағы барлық үш өз матчын «Астана Арена» стадионында өткізеді.

Кездесу өтетін орын туралы ақпарат ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Астанада қазақстандықтардың алғашқы қарсыласы Молдова құрамасы болады. Mатч 2 қазанда өтеді және Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Төрт күннен кейін, 6 қазанда, ұлттық құрама Фарер аралдарын қабылдайды. Ойынның басталуы да 19:00-ге жоспарланған.

Соңғы өз матчын Қазақстан 16 қарашада Словакияға қарсы өткізеді. Бұл кездесу сағат 20:00-де басталады.

Қазақстан құрамасы С3 тобында өнер көрсетеді. Команда турнирді сырттағы екі матчпен бастайды: 26 қыркүйекте Фарер аралдарымен, ал 29 қыркүйекте Словакиямен ойнайды. Молдоваға қарсы тағы бір сырттағы кездесу 14 қарашаға қараған түні өтеді.

Топ жеңімпазы тікелей B лигасына көтеріледі. Екінші орын алған команда түйіспе матчтарында (стыковой матчтар) жоғары өрлеу үшін бағын сынауға мүмкіндік алады.

Кеше, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.