
Шу аудандық соты теміржолдағы қайғылы оқиғаға байланысты үкім шығарды.
2025 жылғы 10 желтоқсанда «Шешенқара – Қаражыңғыл» учаскесінде жүк пойызы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан бригаданы басып кеткен.
Қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан және пойыз машинисіне жолда адамдар жүргені туралы дер кезінде хабарланбағандықтан төрт қызметкер қаза тауып, екі адам жарақат алды.
2026 жылғы 9 шілдеде шыққан сот шешімімен пойыз диспетчері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал Сарышаған жол дистанциясының екі қызметкеріне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үшеуіне де теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Іс бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау +30.7