
Қазақстан мектептерінде 2026–2027 оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Оқу-ағарту министрлігі оқу тоқсандарының ұзақтығы мен каникулдардың мерзімдерін бекітті.
Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі каникул 2026 жылғы 26 қазанда басталып, 1 қарашада аяқталады. Оқушылар жеті күнтізбелік күн демалады.
Екінші тоқсан да сегіз оқу аптасына жоспарланған. Қысқы каникул 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін (қоса алғанда) жалғасады.
Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында қосымша каникул қарастырылған.
Үшінші тоқсан ең ұзақ болып, 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі каникул 22–28 наурыз аралығында өтеді.
Төртінші тоқсан сегіз оқу аптасына жалғасып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Министрлік сондай-ақ 9 (10)-сынып және 11 (12)-сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдері бекітілгенін хабарлады.
В Атырау +25.5