
Атырау әкімдігі Ұлы Отан соғысы батырының есімі берілген көшенің атауын ауыстыру себебін түсіндірді.
Жақында әкімдіктің Атырауда қайталанатын және идеологиялық тұрғыдан «бұрыс» көше атауларынан арылу туралы таратқан ақпараты халық арасында үлкен резонанс тудырды.
Мәселен, әлеуметтік желіде көптеген қала тұрғындары: «Бауыржан Момышұлы оларға несімен жақпай қалды? Жаңа идеологияға сәйкес келмей ме?» деген сұрақ қойды.
Атыраудың орталығында панфиловшылар дивизиясының атақты командирі Бауыржан Момышұлының құрметіне берілген едәуір үлкен көшенің бар екені баршаға мәлім. Республикалалық ономастикалық комиссияның қарауына бұл көшеге Гурьев облысы Махамбет ауданының тумасы, орден иегері, Ұлы Отан соғысы жылдарында полк басқарған Серікқали Пәңгереевтің есімін беру туралы ұсыныс енгізілді.
Осыған байланысты «АЖ» редакциясы қалалық әкімдікке сұрау салды. Әкімдіктегілер Атырауда Б.Момышұлының есімі тек бір көшеге берілмеген деп түсіндірді. Екінші көше Ақжайық ықшамауданында (бұрынғы Ширина кенті) орналасқан және қайталанатын атау ретінде дәл осы көшенің атын ауыстыру жоспарланып отыр.
Лев ГУЗИКОВ
В Атырау +25.5