Атырау, 30 шілде 22:26
 дождьВ Атырау +30.5
$ 477.17
€ 543.26
₽ 6.01

​«Футбол сатылмайды»: УЕФА әлем чемпионатының құқықтарын сатуға қарсы шықты

79 рет қаралды

УЕФА ФИФА-ның әлем чемпионаттарының коммерциялық құқықтарын жеке инвесторларға беруді көздеген жоспарына байланысты шұғыл жиын өткізуді шешті.

BBC дерегінше, ФИФА басшысы Джанни Инфантино бұл ұсынысты барлық 211 ұлттық қауымдастыққа жолдаған. Әр федерация 19 қыркүйекке дейін жаңа FIFA Forward Enterprise құрылымын қолдайтынын немесе қолдамайтынын анықтауы тиіс.

Қазақстан футбол федерациясы да ФИФА мүшесі ретінде осы бастамаға қатыса алады. Жаңа схемаға сәйкес, федерациялар 2027 жылдан бастап қаржылық цикл аясында 40 млн долларға дейін ала алады.

ФИФА шамамен 20 млрд долларлық жаңа компания құрып, трансляциялардан, демеушілік келісімдерден және билеттер сатудан түсетін табыстарды біріктірмек. Жеке инвесторларға 20%-ға дейінгі үлес ұсынылып, 4 млрд доллардан астам қаржы тарту көзделген.

Алайда УЕФА бұл бастамаға қарсы шықты. 

«Футболдың жаны мен басқару жүйесі — саудаға салынатын актив емес», — деп мәлімдеді ұйым.

Инициативаға халықаралық футболшылар кәсіподағы, European Leagues бірлестігі және Англия, Германия секілді елдердің федерациялары да қарсы пікір білдірді.

Сарапшылардың айтуынша, УЕФА-ның шұғыл жиынында радикалды жауап нұсқалары талқылануы мүмкін — тіпті ФИФА турнирлерін бойкоттау немесе қарым-қатынасты қайта қарау ықтималдығы бар. Қазақстан футбол федерациясының ұстанымы әзірге жарияланған жоқ.

Бүгін, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.