
Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы маңында екі мұнай танкері ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрон) шабуылына ұшырады.
Экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ, мұнайдың теңізге төгілуіне жол берілмеді, деп хабарлады Қазақстанның Энергетика министрлігі.
КҚК мәліметінше, 30 шілдеде ВПУ-3 сыртқы айлақ құрылғысында мұнай тиеуді аяқтап жатқан сәтте жүк манифольды аумағында Nissos Sifnos танкері шабуылға ұшыраған. Жүк жіберуші — «Теңізшевройл» ЖШС. Дрондарды қолдану қаупіне байланысты тиеу операциялары алдын ала тоқтатылған еді.
Екінші танкер — Marathi — мұнай тиеуді күтіп тұрған. Дрон кемеге КҚК терминалынан алты-жеті теңіз милі қашықтықта шабуыл жасаған.
Шабуылдан кейін тұтанған өртті консорциумның үш буксирінің көмегімен сөндірілді. Экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, теңізге мұнай төгілген жағдай тіркелмеген.
Энергетика министрлігі дрондардың қайдан ұшырылғанын және бұл шабуылдың артында кім тұрғанын нақтылаған жоқ. Тиеу операцияларының қашан қайта басталатыны туралы ақпарат та әлі жарияланған жоқ.
В Атырау +31.1