
Бас прокурор Берік Асыловтың тапсырмасына сәйкес, Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бастығы Асхат Шәріпов жетекші отандық IT-компаниялар мен цифрлық экожүйе ұйымдарының өкілдерімен кездесулер өткізді.
Кездесуде «Q.AI Limited» бас директоры Дмитрий Мун мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін және қылмыстық істерді тергеуге арналған жаңа шешімдерді таныстырды. Alem.ai орталығында Astana Hub, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Astana Innovations» АҚ және «TSARKA» ЗТБ өкілдері Smart Data Ukimet, Smart City платформалары мен цифрлық криминалистикадағы заманауи әзірлемелерді көрсетті.
Бұл технологиялар деректерді интеллектуалды талдау, процестерді автоматтандыру және тергеу кезіндегі талдамалық мүмкіндіктерді кеңейту арқылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Асхат Шәріпов Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында прокуратурада заманауи цифрлық технологиялар кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанын, қылмыстық істерді тергеуде жасанды интеллект кеңінен қолданылып жатқанын атап өтті.
Кездесу қорытындысында тараптар бірлескен жобаларды іске асыру, тәжірибе алмасу және отандық цифрлық шешімдерді арнайы прокурорлардың жұмысына енгізу жөнінде меморандумдарға қол қойды.
В Атырау +29.1