Атырау, 30 шілде 13:38
 дождьВ Атырау +29.1
$ 477.17
€ 543.26
₽ 6.01

Атыраулық тұрғын Көлік министрлігіне Оралға дейін теміржол салу туралы жаппай өтініш жолдауды​ ұсынды

132 рет қаралды
ЖИ жасаған сурет
ЖИ жасаған сурет

Осындай үндеуі бар жазбаны «Ақ Жайық» Threads желісінде кездестірген еді. 

Оның авторы Мақсот Бажанов көптен бері тұрғындар айтып жүрген: екі көршілес облыс орталығында әлі күнге дейін тікелей теміржол жоқ екендігі туралы мәселені көтерді.

Бажанов тұрғындарды eOtinish платформасы арқылы Көлік министрлігіне Атырау мен Орал арасында теміржол желісін салу мәселесін қарастыруды сұрап, жаппай өтініш жолдауға шақырды.

«Өтініштер қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы. eOtinish платформасы арқылы шенеуніктерге жетуге болады. Мемлекеттік орган негізделген жауап дайындауға міндетті. Егер жауап қанағаттандырмаса, мәселе жоғары тұрған инстанцияға жолданады. Теңіз тамшыдан құралады», — деп жазды ол.

Автордың пікірінше, теміржолдың жоқтығы Атырауды елдегі көлік тұрғысынан ең оқшауланған облыс орталықтарының біріне айналдырған. Атырау мен Орал арасында тікелей жолаушылар пойызы жоқ, әуе қатынасын тұрақты деуге келмейді, сондықтан көпшілік тұрғындар үшін жалғыз жол – ұзындығы шамамен 487 шақырым болатын автотрасса. Ал, Бажановтың айтуынша, бұл жол тар, бөлу жолағы жоқ, ауыр жол-көлік оқиғалары жиі болып тұрады.

Айта кетейік, теміржол салу мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. 2022 жылы Батыс Қазақстан облысының билігі ұзындығы шамамен 315 шақырым болатын Орал – Индер – Атырау бағыты бойынша желі жобасы қарастырылып жатқанын хабарлаған еді. Сол кезде әлеуетті инвестор техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға кіріскен, ал жобаның өзі жүк ағынын қамтамасыз етуі тиіс калий кен орнын игерумен байланыстырылған болатын.

Алайда кейін Көлік министрлігі бұл желіні салу әзірге жоспарланбайтынын мәлімдеді. Ведомство мұны жеткілікті экономикалық негіздеменің жоқтығымен және басымдықтың басқа теміржол жобаларына берілгенімен түсіндірді.

Соған қарамастан, бұл тақырып қоғамдық күн тәртібіне қайта оралуда. Осы жылдың басында Атырау мен Орал арасында тікелей теміржол қатынасының жоқтығы мәселесі Мәжілісте көтеріліп, онда жолаушыларға қолайсыздықтармен қатар өңірдің логистикалық проблемаларына да назар аударылды.

Енді тұрғындар Көлік министрлігіне жаппай өтініштер жолдау арқылы бұл идеяға қайтадан назар аудартуға тырысуда. Әлеуметтік желілердегі реакцияға қарағанда, Атырау мен Орал арасында тікелей теміржолдың болуын көпшілік қолдап отыр.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.