AZATTYQ.ORG «”Сириядағы жиһадшыларды” Қазақстанда не күтіп тұр?» - «Сирияға кеткен жиһадшыларды» Қазақстанға қайтару мәселесі жиі айтыла бастады. Кейбіреулер «келген соң оларға амнистия жариялау қажет» дейді, ал заңгерлер «жиһадшылардың» жауапқа тартылатынын айтады.
HALYKSOZI.KZ. «Жаңа министрдің жаңалығы: өзі де білмейтін өзгеріс» - Еліміздің бас ұстазы реформасын басқа емес дәл мектеп табалдырығынан бастамақ көрінеді.
SHYN.KZ. «Ақиқатқа қиянат» - Алаш арыстарына қатысты болғаны себепті кеңестік тарихнамада бұрмаланған тарихымыздың кейбір беттері, өкінішке орай, әлі күнге түзетілмей келеді.
SERKE.ORG. «Мереке Құлкенов Жазушылар одағына төраға бола ма?» - Нұрлан Оразалинге қарсы ұйымдастырылған 43-тің хаты ел ішінде түрлі әңгімеге арқау болып жатыр. Жазушылар Одағының 600 мүшесі алтыға бөлініп, дай-дай болып жүретіні бесенеден белгілі.
TURKYSTAN.KZ. «Тбилиси тағы да жолайрықта» - Сонымен, Грузия басшысын таңдаған халық қалауы Маргвелашвилиге түсті.
«Орыстар түркімен газын еуропадан қызғанып жатыр» - Жақында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «бүйректен сирақ» шығарды. Ол Еуропалық одақтың Әзербайжан мен Түркіменстанды Транскаспий газ құбырын салуға азғырып жүргенін айтып, еуропалықтарды айыптады.
AIKYN.KZ «Саакашвилидің сәлемі енді шетелден естілуі мүмкін бе?» - Жолдау жасай салысымен Брюссельге қатынайтын түнгі ұшаққа отырған Саакашвили елін тастап кете барды. Неге кетті? Кетірген не? Ойында не бар? Қайтып келе ме, жоқ па?
«Бүгінгі буынның беталысы қандай?» - Ал жаһандық деңгейдегі бәсекелестікте топ жарып шыққан жастарымыз бар ма?
«Ғаламтордағы сұмдықпен қалай күресеміз?» - Бүгінде ғаламтор жүйесі арқылы терроризм мен діни экстремизмді насихаттау белең алып барады. Бүгінде ғаламтор жүйесіне еркін еніп, арам пиғылын жүзеге асырушы топтар да көп.
«Кеден одағы: таразы басы тең емес» - Сенаторлар Кеден одағының басты органында қанша қазақстандық өкіл барлығын сұрады.
«Ауылға бөлінген миллиардтар келімсектердің қалтасына кетіп жатыр ма?» - Қазақстан халқының жартысына жуығы ауылда тұратындықтан шатқаяқтаған шаруашылықты қалпына келтіру арқылы, тұрғындардың тұрмысын түзейміз деген игі мақсат шын мәнінде, күткен деңгейде орындалып жатқан жоқ сияқты.
«Допинг дауы» - Осыдан 37 жыл бұрын допинг дауы КСРО-ға жеткен болатын. Анықтап айтсақ, 1976 жылы Австрияның Инсбрук қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында әйгілі шаңғышы Галина Кулакованың эфедрин қолданғаны анықталды.
«Мультфильм көру де зиян» - Мойындау керек, тілі былдырлап, енді ғана қылық шығарып келе жатқан бүлдіршін күнұзаққа көкжәшікке телміріп, сансыз мультфильмнен көз алмайды. Әйткенмен, сан түрлі мультфильмдердің пайдасынан гөрі зияны көп екен. Бұл – мамандардың пайымы.
ALASHAINASY.KZ. «ДСҰ-ға кіруімізге Кедендік одақ бөгет болмауы тиіс» - Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге деген талпынысы басталғалы 10 жылдан асып барады.