Атырау, 30 шілде 10:08
 дождьВ Атырау +26.9
$ 477.17
€ 543.26
₽ 6.01

Қураған талдар: Прокуратура Атырау облысындағы көгалдандыру мәселесін талдады

43 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Ағаш отырғызу арқылы қоршаған ортаға тигізетін әсерді өтеуге міндетті 175 жер қойнауын пайдаланушының 90%-дан астамы өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша экологиялық рұқсат шарттарын орындамағаны үшін 38 кәсіпорын әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға 12 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Бұл туралы көгалдандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізген облыс прокуратурасы хабарлады. 

Тексеру нәтижесінде 551 мыңнан астам жасыл желек болғанына қарамастан, оларды есепке алудың электрондық жүйесі іс жүзінде жұмыс істемейтіні анықталды, ал мемлекеттік органдарда олардың жай-күйі мен жерсінуі туралы нақты мәліметтер жоқ.

Бірқатар жағдайларда отырғызылған ағаштар суарусыз және күтімсіз қалып, қурап кеткен. 

Бұдан бөлек, прокуратураның бастамасымен облыс әкімінің қатысуымен алқа мәжілісі өткізіліп, онда көгалдандыру жүйесін жетілдіру бойынша шаралар айқындалды. Атап айтқанда, «жасыл белдеуді» қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленді, жасыл желектерді ұйымдастыруға, есепке алуға және күтіп-ұстауға жауапты бірыңғай оператор құру көзделді, сондай-ақ өңірді көгалдандырудың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын тәсілі бекітілді.

Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдаланушылар бір мыңнан астам ағаш отырғызды. Қабылданған шараларды іске асыру көгалдандырудың тиімділігін арттыруға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгін, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.