Атырау, 26 тамыз 21:39
 дождьВ Атырау +28.5
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

Атырау облысының тұрғындары 313,3 млрд теңгені қайда жұмсады?

726 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Атырау облысында осы жылдың қаңтар–маусым айларында бөлшек сауда айналымы 313,3 млрд теңгені құрады. 

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артты.

Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым үлеске ие болды. Олардың көлемі жалпы айналымның 66,1% құрады. Ал азық-түлік тауарларының үлесі 33,9% болып, сауда көлемі 106,3 млрд теңгеге жетті.

Өңірдегі бөлшек сауда айналымының негізгі бөлігі Атырау қаласына тиесілі. Биыл қаңтар–мамыр айларында Атырау облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен өзара сауда көлемі 161,8 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде импорттың үлесі 78,3%, экспорттың үлесі 21,7% болды.

Экспорт құрылымында химия өнеркәсібінің өнімдері, минералдық өнімдер, металдар және машина жасау өнімдері басым болса, импортта металдар мен олардан жасалған бұйымдар, машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ азық-түлік өнімдері жетекші орын алды.

29 шілде, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.