Атырау, 26 тамыз 21:39
 дождьВ Атырау +28.5
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

​Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған психиатриялық аурухана тексеріледі

517 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Денсаулық сақтау министрі Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханаға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды. Мұның себебі — БАҚ пен әлеуметтік желілерде пациенттердің жағдайы туралы таралған шағымдар, деп хабарлайды NEGE.kz.

Тексеруді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүзеге асырады. Мамандар медициналық құжаттаманы, емдеу барысын, пациенттердің жай-күйін, лауазымды тұлғалардың әрекетін және ем қабылдап жатқан азаматтардың құқығының сақталуын тексереді.

Тексеру жұмысына прокуратура органдары мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де тартылады.

Министрліктің мәліметінше, тексеру нәтижесі бойынша түскен шағымдардың бәріне құқықтық баға беріледі. Заң бұзушылық анықталған жағдайда кінәлі адамдар жауапқа тартылады.

Бұл — елде осы бағытта қызмет ететін жалғыз мамандандырылған медициналық мекеме. Мұнда сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалған адамдар ем алады.

Министрлік мәліметі бойынша, ауруханадағы пациенттердің 80%-дан астамы жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған. Осыған байланысты мекемеде пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерекше емдеу-қорғау режимі қолданылады.




29 шілде, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.