
Қайғылы оқиға 28 шілдеде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, түс кезіндегі демалыс уақытында мүгедектігі бар жасөспірімнің жүрегі тоқтап қалған.
Қоғам белсенділерінің мекеме қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлауынша, орталық бөлмелеріндегі қатты ыстық пен аптаптан баланың жағдайы нашарлап кеткен болуы мүмкін. Дегенмен өлімнің нақты себебі әлі анықталған жоқ — ол медициналық зерттеулердің қорытындысы бойынша белгілі болады.
Қостанай облысының полиция департаменті жасөспірімнің қаза тапқан дерегін растады. Құқық қорғаушылар қажетті процестік әрекеттерді жүргізіп жатыр.
Тексеру қорытындысы бойынша болған оқиғаның мән-жайына құқықтық баға беріліп, процестік шешім қабылданады.
В Атырау +38.7