Атырау, 29 шілде 16:37
 дождьВ Атырау +37.3
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06

Маңғыстау, Қостанай және Түркістан тексеру комиссиялары ең төмен нәтиже көрсетті

52 рет қаралды
Сурет: ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасы
Сурет: ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасы

Маңғыстау, Қостанай және Түркістан облыстарының тексеру комиссиялары 2025 жылғы мемлекеттік аудит органдарының рейтингінде соңғы орындарды иеленді.

Олардың жұмысына бақылау күшейтіледі, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы.

Мемлекеттік аудит органдары қызметінің нәтижелері ЖАП басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды.

Палата мәліметінше, 20 өңірлік тексеру комиссиясының 16-сының жұмысы тиімді деп танылған. Үш жыл ішінде жоғары баға алған комиссиялар саны 11-ден 16-ға дейін, ал олардың үлесі 55%-дан 80%-ға дейін өсті.

Сонымен бірге, бекітілген аудит объектілерінің тиісті тізбесінен ауытқу үлесі 2023 жылғы 8,2%-дан 2025 жылы 4,8%-ға дейін төмендеді. ЖАП мұны тексерулерді жоспарлау сапасының артқанының дәлелі деп есептейді.

Жүйелі түрде артта қалып қоятын комиссиялар үшін жаңа шаралар енгізілді. Егер тексеру комиссиясы қатарнан үш жыл бойы рейтингтің соңғы үш орнының бірін иеленсе, Жоғары аудиторлық палата тиісті мәслихатқа шара қолдану туралы ұсыным жібереді.

Маңғыстау, Қостанай және Түркістан облыстарының комиссияларына көрсеткіштерді жақсарту жоспарын әзірлеу және олардың орындалуы туралы есеп беру тапсырылды. Түркістан тексеру комиссиясының басшысы, сондай-ақ, Үйлестіру кеңесінің шешімдерін тиісінше орындамаған қызметкерлердің дербес жауапкершілігін қарауы тиіс.

Бұдан бөлек, ЖАП 2025–2026 жылдары мемлекеттік аудит стандарттары мен кәсіби әдепті қайталап бұзу жағдайларына талдау жүргізуді тапсырды. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті заңбұзушылықтарға бірнеше рет жол берген ведомстволық қызметтердің аудиторларынан сертификаттарды кері қайтарып алу мәселесін қарастыруы қажет.

Бүгін, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.