Атырау, 29 шілде 16:12
 дождьВ Атырау +37.3
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06

Атырау соты “Потенциал Ойлға” қарсы шешім шығарды: 1,4 млрд теңгелік айыппұлдар күшінде қалды

102 рет қаралды
ЖИ жасаған сурет
ЖИ жасаған сурет

Компания экологиялық айыппұлдарды жоя алмады, бұл кейіннен даулы қылмыстық іске себеп болды.

Әңгіме осы жылдың 30 сәуірінде Атырау облысы Экология департаменті басшысының орынбасары Ерлан Есеновтің салған үш айыппұлы туралы болып отыр. Олардың жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден асты: 634,4 млн, 742,9 млн және 34,6 млн теңге.

Компания экологиялық рұқсатта көрсетілген қалдық кодтарындағы қателіктерден заңбұзушылықтар туындады деп дәлелдеуге тырысты. Сонымен қатар, ЖШС өкілдері қалдықтардың бір бөлігі апаттық жағдайды жою кезінде пайда болғанын, сондықтан айыппұлдарды есептеу барысында ескерілмеуі тиіс екенін айтты.

Алайда Экология департаменті кәсіпорынның рұқсаты жоқ қалдықтарды іс жүзінде жинақтағанын мәлімдеді. Апат жөніндегі нұсқасы да расталмады: ТЖД мәліметіне сәйкес, 2025 жылы компания нысандарында төтенше жағдайлар тіркелмеген.

Сот Экология департаментінің уәждерімен келісіп, үш айыппұлдың барлығын күшінде қалдырды.

Еске сала кетейік, осы қаулылар шығарылғаннан кейін «Потенциал Ойл» басшылығы көпмиллиондық санкциялардан қауіптеніп, тергеу нұсқасы бойынша мәселені делдалдар арқылы шешуге тырысқан еді.

Бұл оқиға туралы «Ақ Жайық» бұған дейін егжей‑тегжейлі жазған болатын.

Сот Экология департаменті басшысының орынбасары Ерлан Есенов пара алудан өз еркімен бас тартқанын анықтады, сондықтан ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмады.

Делдалдар – облыс әкімдігінде (Махамбет Досмұхамбетов кезінде) қызмет еткен бұрынғы мемлекеттік қызметші Рүстем Әбілов және прокуратураның бұрынғы қызметкері Рахметов алаяқтық жасауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бостандықты шектеу жазасын алды.

«Потенциал Ойл» ЖШС директоры Ғабиден Қарамолдин және кәсіпорын инженері Жанар Исабаева пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот директорға 270 млн теңге айыппұл салды (кейін үйқамақта болған уақытын ескеріп, аздап төмендетілді), ал Исабаеваға — 270 млн теңге айыппұл тағайындалды.

Қылмыстық іс бойынша үкім заңды күшіне енді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.