Атырау, 29 шілде 15:48
 дождьВ Атырау +37.3
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06

Атырауда “Магистральды Су құбыры” ЖШС‑не 334 млн теңге айыппұл салынды

123 рет қаралды

Атырау облысы бойынша экология департаменті «Магистральды Су құбыры» ЖШС‑нің топырақ қалдықтарын жинақтау лимиттерін бұзғанын анықтады.

Бұл дерек Құрманғазы ауданы прокуратурасынан түскен құжаттар негізінде белгілі болды.

Департамент аталған кәсіпорынға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша іс қозғап, хаттама толтырды. «Магистральды Су құбыры» ЖШС бұл шешімге сотқа шағымданғанымен, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты шағымды қанағаттандырмады.

Кейін апелляциялық шағым да облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасымен қабылданбай, кәсіпорын кінәлі деп танылды. Нәтижесінде «Магистральды Су құбыры» ЖШС‑не 334,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осылайша, сот шешімдері бойынша департаменттің қорытындысы заңды күшіне енді.

Бүгін, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.